Күдікті жасөспірім қолға түсті
Қызылордада 15 жастағы мектеп оқушысын пышақтап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Оқиғаға байланысты полиция кәмелетке толмағанға қасақана ауыр дене жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті жасөспірім ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істің тергелу барысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында», – деді Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Тоқтыбаев.