Депутат зерттеудің нәтижесін жариялады
Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов TALIS-2024 атты ең ірі халықаралық зерттеудің нәтижелері жарияланғанын мәлім етті, деп хабарлйды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, бұл нәтижелер – Қазақстанда мұғалімге деген көзқарастың шын мәнінде өзгеріп келе жатқанының ғылыми әрі өмірлік дәлелі.
«Сол кезде біз айтқанбыз: бұл заңның әсері бірден байқалмайды, оған уақыт қажет. Енді міне, сол уақыт келді, заң өз тиімділігін дәлелдеді. Алдағы жылдары бұл әсер одан да айқын болады деп сенемін», – дейді депутат.
Мұғалімдердің жүктемесі бұрын-соңды болмаған деңгейде азайды. 2018 жылмен салыстырғанда қазақстандық педагогтердің жұмыс аптасы 14 сағатқа қысқарып, орта есеппен 36 сағатты құрайды. Бұл – қатысушы елдер арасындағы ең елеулі жетістіктердің бірі.
Педагогтер әкімшілік жұмыстарға аз, ал оқыту мен ата-анамен байланысқа көбірек уақыт бөле бастады.
«Ең қуаныштысы – жас мамандардың көзқарасы: олардың 78%-ы педагогикалық қызметті саналы түрде өмірлік басымдық деп атаған. Бір кезде біз «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлегенде, TALIS 2018 деректеріне де сүйенген едік.
Енді TALIS-2024 біздің бағытымыз дұрыс болғанын көрсетіп отыр. Сапалы талдау жүргізген А.Байтұрсынұлы атындағы орталығына алғыс айтамын», – деді «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі.