Синоптиктер болжамы белгілі болды
«Қазгидромет» РМК 7 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Солтүстік өңірлерде күн бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз өтеді. Петропавл, Қостанай және Көкшетаудатүнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -2…+3°С, күндіз +7…+14°С шамасында болады. Павлодар мен Қарағанды облыстарында да жауын-шашын болмайды, күндіз: +6…+10°С жылы.
Орталық және шығыс аймақтарда – Жезқазған, Өскемен, Семей қалаларында жауын-шашынсыз, аспан ашық болады. Түнгі ауа температурасы -4…+1°С, ал күндіз +6…+15°С аралығында болмақ.
Батыс және оңтүстік өңірлерде күн жылы әрі ашық. Орал мен Атырауда +19…+22°С, Ақтөбе мен Ақтауда+16…+24°С шамасында. Кызылордада күндіз жел күшейіп, шаңды дауыл болуы мүмкін.
Ал Алматы, Талдықорған, Қонаев және Тараз қалаларында күн ашық, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -3…+2°С, күндіз +13…+17°С. Шымкент пен Түркістанда ең жылы ауа райы күтіледі – күндіз +23…+25°С дейін жетеді.