Мемлекет басшысы саммитке қатысады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанның Габала қаласына іссапармен барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметінше, президент ертең Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары кеңесінің ХІІ саммитіне қатысады.
Айта кетейік, осыған дейін Тоқаев Ильхам Әлиевтің шақыруымен Әзербайжанға баратыны хабарланған болатын.