Қазақстанның сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов тағы бір қызметке ие болды. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлайды
Үкімет Сауда және интеграция министрлігі мен Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне Сұлтановты «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ директорлар кеңесінің құрамына тағайындауды қамтамасыз етуге қаулы етті.
Сұлтанов СИМ басшысы қызметін 2019 жылдың маусымынан бері атқарып келеді. Оған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі, 2014-2018 жылдары Қазақстан қаржы министрлігін басқарған.
Еске сала кетейік, 10 қыркүйекте «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ болып өзгерді. QazTrade экспортерлер мен Қазақстанның мемлекеттік органдары арасындағы агент рөлінде жүреді.