Ел мектептерінде 1000 бейіндік сынып ашылып жатыр
Жұмысшы мамандықтары жылында еліміздің орта білім беру ұйымдарында 1000 бейіндік сынып ашу қолға алынды. Бұл бастама арқылы 31 000-нан астам оқушы еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша алғашқы кәсіби дағдыларға үйренеді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жоба мектеп оқушыларының кәсіби бағдарын жүйелі түрде қалыптастыруға және техникалық-кәсіптік білімге қызығушылығын арттыруға бағытталған.
2025-2026 оқу жылында ашылатын бейіндік сыныптар келесі бағыттарды қамтиды:
Бейіндік сыныптар 9-11-сынып оқушыларына арналған. Әр өңірде олар нақты кадр тапшылығын ескере отырып жұмыс істейді. Процеске жергілікті жоғары оқу орындары, колледждер және жұмыс берушілер тартылады.
Айта кетейік, бейіндік бағытты оқу жылы ішінде екі рет өзгертуге мүмкіндік бар.