Бұл жайлы аудан әкімі хабарлады
Танымал әнші Тамара Асардың жолдасы Бекмырза Жұмаштың ұлы Әлішер мезгілсіз дүниеден өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаралы хабарды Қостанай облысының Наурызым ауданының әкімі хабарлады.
«Белгілі кәсіпкер Жұмаш Бекмырза мен оның жұбайы Тамара Асардың ұлы Әлішердің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты шын жүректен көңіл айтамын. Бұл - орны толмас ауыр қаза. Қайғыға ортақтасып, туған-туыстары мен жақындарына сабыр тілеймін. Алла тағала марқұмның жанын жәннаттан қылсын, артында қалғандарына күш-қуат, сабыр берсін», - деп жазды Науырзым ауданының әкімі Мәди Өмірзақұлы Ихтиляпов.