Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты: жүргізушісі қаза болып, тағы төртеуі жарақат алды

Автор: Асыл Арман

Жеңіл көлік жол жиегінде аударылып қалды

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты: жүргізушісі қаза болып, тағы төртеуі жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады, оқиға салдарынан жүргізуші қаза тауып, төрт жолаушы жарақат алды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 5 қазан күні «Шарбақты – Сосновая» автожолының бойында, Орловка ауылынан шамамен 3 шақырым қашықтықта, Toyota Mark II маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік жол жиегіне аударылып кеткен.

«Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.

Полиция департаменті жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін қатаң сақтау, әсіресе қозғалысы қарқынды учаскелерде, сондай-ақ көлік құралдарының техникалық жай-күйін бақылау қажеттігін еске салады», – делінген ПД хабарламасында.