Жер сілкінісінің эпицентрі 465 км жерде орналасқан
Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде 4 баллдық жер сілкінісі тіркелді. ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС алдын ала ақпарат бойынша сейсмикалық жағдай Жамбыл, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 06 қазанда Астана қаласы бойынша уақыт бойынша сағат 01:29-да жер сілкінісін тіркеді.
Эпицентрі 465 км жерде орналасқан. Қырғызстан аумағындағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай.
Сезімталдығы туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша):
Есептік қарқындылық (балмен):
«ТЖМ командалық орталығының жедел штабында ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен бейнеконференц-байланыс жүргізілді. Өңірлердегі жағдай талқыланды.
ҚР ТЖМ күштері мен құралдары ден қоюға толық дайын. Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. ТЖМ мониторингті жалғастыруда және өңірлермен тұрақты байланыста.
ТЖ вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен ТЖМ Жедел штабының кеңесі өтті», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
ТЖМ Командалық орталығында жер сілкінісінен кейінгі іс - қимылдарды үйлестіру жөніндегі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.
ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ филиалының мамандары аса қауіпті учаскелерге тексеру жүргізді. Топырақтың ірі зақымданулары, деформациялары, жарықтары мен шөгулері анықталған жоқ.
Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері мен аса маңызды инфрақұрылымдар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.