Digital Bridge 2025 форумында жасанды интеллекттің саясаттағы, экономикадағы және әлеуметтік саладағы рөлі талқыланды
«Digital Bridge 2025» халықаралық форумы аясында «AMANAT» партиясы «AMANAT and AI: Bolashaqqa Qadam» панельдік сессиясын өткізді. Онда саясаттағы, экономикадағы және әлеуметтік саладағы жасанды интеллекттің рөлі талқыланды. Заманауи ақпараттық технологиялардың сын-қатерлері мен мүмкіндіктері, жасанды интеллектті заңнамалық тұрғыда реттеу, сондай-ақ техноұлт қалыптастыру перспективалары басты назарда болды.
«Әлемде цифрлық жарыс жүріп жатыр. Мұның бізге де тікелей қатысы бар. Осы цифрлық бәсекеде табысты болуымыз керек. Бұл туралы кеше осы алаңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев егжей-тегжейлі айтып берді.
Ол Қазақстан Еуразияның негізгі цифрлық хабына айналуға тиіс екенін атап өтті. Бұл бағытта мемлекет тарапынан айтарлықтай ауқымды жұмыс жүргізілді. Бізде мемлекеттік қызметтердің 92%-ы онлайн-форматта көрсетіледі. ТМД бойынша 1-ші және электронды үкімет индексі бойынша әлемде 28-ші орындамыз.
Ал бүгінде еліміз eGov-тан AI-Gov-қа көшіп жатыр. Осылайша, Қазақстан енді әлемдік үрдістерге бейімделіп қана қоймай, өзінің дербес цифрлық мемлекет үлгісін қалыптастыруда», – деді ол.
Сондай-ақ, партияның Атқарушы хатшысы қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатқан «AMANAT» партиясының бастамаларына назар аударды. Жыл басында цифрлық сауаттылық пен интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін арттыруға бағытталған «Цифрлық қоғам» жобасы іске қосылды. Бірқатар өңірде оқушыларға киберқауіпсіздік бойынша қанатқақты сабақтар, ата-аналарға арналған тренингтер және «Кибер Тұмар» науқаны аясында IT-сарапшылармен кездесулер өтуде. «Жер аманаты» жобасы да ерекше маңызға ие. Аталған жоба арқылы 13 млн гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Jerkarta.gharysh.kz геосервис құрылды. Аталған портал арқылы кез-келген адам қай жер учаскелерінің қайтарылғанын және олардың қалай бөлінетінін көре алады.
«Сіздердің саяси көшбасшыларыңыздың алысты болжай білетін көрегендігін атап өткім келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің бірнеше апта бұрын жариялаған Жолдауына ерекше таң қалдым. Сіздерде бірқатар артықшылық бар: бір жағынан сіздер инновацияға қажет мүмкіндік жасайсыздар, ал екінші жағынан тәуекелдерді азайтасыздар. Сондай-ақ бұл – Қазақстанда бизнес жүргізгісі келетін компаниялар үшін жасалған ашықтық. Сіздерде өте оң демографиялық жағдай қалыптасқан – жас, технологияны жақсы білетін, ынталы жұмыс күші бар. Бұл қазірдің өзінде үлкен артықшылық», – деді ол.
«Болашақта заңдар заңгерлер үшін оқылымды болып қана қоймай, алгоритмдер үшін де түсінікті болуы керек. Біз цифрлық құқықта жаңа стандартқа айналатын, машина оқи алатын ережелер туралы айтып отырмыз. Цифрлық кодекс цифрлық ортадағы қатынастарды реттейтін барлық норманы біріктіреді және еліміздің қауіпсіз, әділ цифрлық дамуының негізі болады. Қоғам мен бизнестің қатысуынсыз цифрлық трансформация жасау мүмкін емес. Атап айтқанда, заңнама барлық тараптың мүддесін теңестіруге мүмкіндік береді», – деді ол.
Сондай-ақ Екатерина Смышляева «AMANAT» партиясының депутаттары еліміздің цифрлық экожүйесін қалыптастыруға тікелей атсалысқанын еске салды: биометрияны енгізу, деректерді жинауға келісім беру, операторлардың қызметін реттеу, сондай-ақ оларды пайдалану кезінде жауапкершілік жүктеу процестерін қамтамасыз етті. Осылайша, Қазақстанда цифрлық саланы дамыту жұмысының іргетасы қаланды.
«Бүгінде ғарыштық мониторинг жұмысы пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтаудың негізгі құралдарының біріне айналды. Спутник суреттері мен технологиялар, соның ішінде жасанды интеллект элементтері арқылы біз пайдаланылмай жатқан немесе жартылай пайдаланылған жерлерді анықтай аламыз. Анықталған учаскелер бойынша ақпарат zher.garysh.kz геосервисінде жарияланады. Соның негізінде тиісті МО осы жерлерді қайтару бойынша шара қабылдайды. Бұл – цифрлық және ғарыштық технологиялар Әділетті Қазақстанды құру ісіне қалай үлес қосатынының жарқын мысалы», – деді ол.
«Цифрландыру мәселесі Мемлекет басшысының Жолдауы арқылы жаңа ұлттық идеяға айналды. Біздің жоба да артта қалып қоймай, цифрлық құралдар белсенді түрде енгізілуде. Жасанды интеллект элементтері бар пилоттық жүйе кездейсоқ қоңырауларды сүзгіден өткізуге, шынымен қолдауды қажет ететін адамдарды адвокаттарға бағыттауға мүмкіндік береді. Азаматтар 24/7 режимінде Whatsapp-тағы біздің ЖИ бот арқылы өтініш-тілегін жазады, ол өз кезегінде өтініш берушілердің деректерін автоматты түрде жинайды», – деді ол.
«2029 жылға дейін 1 миллион ауыл тұрғынын қамтып, 350 мың жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Қазірдің өзінде 2295 ауылдық округке экономикалық скрининг жүргізілді. Соның негізінде 12 мыңнан астам болжамды инвестициялық жоба әзірленді. Ауылдарды скринингтен өткізу қадамы жергілікті кәсіпкерліктің дамытуға болатын бағыттарын айқындап, бизнестің құрылымын нақтылай түседі. Жасанды интеллект оларды аймақтарға, қызмет профиліне, ресурстардың қол жетімділігіне және басқа көрсеткіштерге бөлуге көмектеседі», – деді ол.
Технология саласында сапалы отандық контент құру – цифрлық дербестіктің маңызды шарты болып қала беретіні ерекше атап өтілді.