Оның магнитудасы 2 баллға дейін жеткен
4 қазанда Жетісу облысында магнитудасы 2 баллға дейін жеткен жер сілкінісі сезілді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сейсмологтардың мәліметінше, жер дүмпуі Астана уақытымен 17:42-де тіркелген.
Сілкіністің ошағы Алматыдан 209 шақырым солтүстік-шығыс бағытта, яғни Қазақстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісі төмендегі елді мекендерде байқалды:
Мамандардың айтуынша, жер асты дүмпулері әлсіз болған, алайда тұрғындар аздаған тербелістерді сезген.
«Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат түскен жоқ», – делінген ТЖМ хабарламасында.
Мамандар сейсмикалық ахуалдың тұрақты бақылауда екенін, қажет болған жағдайда қосымша тексеру мен мониторинг жүргізілетінін атап өтті.