Республика аумағында ауа райы тұрақсыз болады
Қазақстанның 13 өңірінде 5 қазанда ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Метеорологтардың дерегінше, республика аумағында ауа райы тұрақсыз болады:
Алматы облысында күндіз желдің екпіні 15–20 м/с жетеді.
Жетісу облысының шығысы мен орталығында жел 23–28 м/с дейін күшейеді, ал түнде -1…-3°Сдейін үсік жүреді.
Талдықорғанда да түнгі уақытта сол деңгейдегі үсік байқалады.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман түсіп, желдің екпіні 23 м/с дейін барады.
Абай облысында түн мен таңертең тұман, көктайғақ, ал күндіз 15–20 м/с жылдамдықтағы жел соғады.
ШҚО-да түнде және таңертең қар аралас жаңбыр мен көктайғақ күтіледі.
Маңғыстау облысында шаңды дауыл соғады, жел 15–20 м/с, кей жерлерде 18 м/с дейін күшейеді.
Ақтауда да ауа райы тұрақсыз, өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Түркістан облысының солтүстігі мен батысында шаңды дауыл тұрып, жел 23 м/с дейін күшейеді.
Шымкент пен Түркістан қалаларында жел 15–20 м/с жылдамдықпен соғады.
Қызылорда облысының шығысы мен орталығында шаңды дауыл күтіліп, өрт қаупі өте жоғарыдеңгейде сақталады.
Атырау облысында күндіз шаңды дауыл және 15–20 м/с жылдамдықтағы жел күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында да жел күшейіп, өрт қаупі жоғары және ерекше қауіпті деңгейде сақталады.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ұлытау облыстарында да жел мен үсік күтіледі.
Мамандар азаматтарға келесі ескертулерді ұстануға кеңес береді: