Бағдат Мәнізоров бүгіннен бастап жұмысқа шықты – әкімдік

Автор: Azattyq Rýhy

Оның үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылған

inbusiness.kz

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров бүгіннен бастап жұмысқа шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров бүгінен бастап жұмысқа шықты. Ол өзіне тиесілі фунционалды жұмыстарды толық атқарып жатыр. Облыс әкімінің орынбасары спорт, кәсіпкерлік сынды салаларға және «Алатау» АҚ-ның жұмысына жауапты», - деді Алматы облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Еске салайық, қыркүйек айының соңында Бағдат Мәнізоров қызметін асыра пайдаланып, аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген болатын. Алайда, прокуратура оның үстінен қозғалған істе қылмыстық құрам жоқ деген мәлімдеме жасады және істің тоқтағанын айтты.