Қазақстанда жаңа ережелер күшіне енеді
Қазақстанда 2025 жылдың 20 қазанынан бастап жаңа ережелер күшіне енеді. Енді елге әкелуге рұқсат етілмейтін көлік түрлерінің тізімі өзгереді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл өзгерістер Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) 23 мамырдағы №45 шешіміне сәйкес қабылданған. Ол «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке енгізілген түзетулерге негізделген.
Министрліктің түсіндіруінше, басты өзгеріс «жекелеген көлік құралы» ұғымына қатысты болды. Енді Қазақстан азаматтары жеке пайдалану үшін тек шектеулі санаттағы көліктерді ғана әкеле алады.
20 қазаннан бастап қазақстандықтар төмендегі көлік түрлерін ғана шетелден алып кіре алады:
Ал автобустардың, ауыр жүк көліктерінің және арнайы техниканың кейбір түрлерін әкелуге қатаң тыйым салынады.
Көлік құралын елге кіргізу кезінде оның техникалық талаптарға сәйкестігін растайтын құжат – Көлік құралының қауіпсіздік сертификаты міндетті болады. Бұл құжатсыз:
Мамандардың айтуынша, бұл талаптар елдегі автопарктің қауіпсіздігін арттыруға; халықаралық стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз етуге; сапасыз әрі қауіпті көліктердің әкелінуін шектеуге бағытталған.