«Уақыты жетті»: Қайрат Нұртастың анасы ұлына қатысты маңызды мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Ол продюсер ретіндегі жұмысын тоқтататынын жеткізді

Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

Белгілі әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлына қатысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әншінің анасы ендігі уақытын ұлына емес, өзіне арнайтынын ерекше айтып өтті.

«Бүгінге дейін жүгіріп келдім ғой. Ат тізгінін өз қолына беретін уақыт жетті. Жас емес. Ары қарай өзі алып кетсе де, өзінен кейін шәкірттер өсірсе де. Неше жыл болды, қайтсем осыларды өсіремін, дамытамын деп миымның барлығы өзімнің отбасым болды. Енді уақытымды өзіме арнасам деп ойлап отырмын», – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Айта кетейік, жуырда Гүлзира Айдарбекова ұлын сынаған желі қолданушысына шүйліккені хабарланған болатын.