Қазақстанда онкологиялық аурулар өсіп келеді, бірақ өлім-жітім азайды
Қазақстанда жыл басынан бері 27 мыңнан аса адамнан онкологиялық ауру анықталды. Оның үштен бірі ерте сатысында анықталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ғылым-зерттеу онкология және радиология институтының мәліметінше, науқастардың жартысынан астамы – еңбекке қабілетті жастағы азаматтар.
Дәрігерлердің айтуынша, қатерлі ісікке шалдығу көрсеткіші жыл сайын 6,5%-ға өсіп келеді. Алайда соңғы он жылда өлім-жітім деңгейі 33%-ға төмендеген. Бұл жағдайды мамандар жаңа түзілімдерді анықтау мүмкіндіктерінің артуымен және ұлттық скринингтік бағдарламалардың енгізілуімен байланыстырады.
Қазіргі таңда Қазақстанда 242 мың онкологиялық науқас динамикалық бақылауда тұр.