Тоқаев Ильхам Әлиевтің шақыруымен келесі аптада Әзербайжанға барады

Автор: Асыл Арман

Әзербайжанда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының кеңесі өтеді

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Ильхам Әлиевтің шақыруымен келесі аптада Әзербайжан еліне барады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев 6-7 қазан күндері Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары кеңесінің ХІІ саммитіне қатысады.