Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы қылмыс үдеп барады: сарапшылар дабыл қақты

Автор: Асыл Арман

Соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткішке жетті

Фото: istockphoto.com

Қазақстанда 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 1703 жасөспірім қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35%-ға көп. Бұл туралы DATA HUB мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сарапшылардың айтуынша, бұл көрсеткіш 2019 жылдан бергі ең жоғары деңгейге жеткен.

Статистика динамикасы

  • 2015-2019 жылдары – 2 мыңнан астам жасөспірім қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
  • 2020-2024 жылдары – көрсеткіш 1,5 мыңнан аспаған.
  • 2022 жылдан бастап қайта өсу байқалып, 2025 жылы күрт артқан.

Қандай қылмыстар жиіледі?

Сарапшылардың дерегінше, құқықбұзушылықтардың көбі мына баптар бойынша тіркелген:

  • Бұзақылық – 216 жасөспірім (2024 жыл – 94 жағдай, 2 еседен асып түсті);
  • Денсаулыққа әдейі жеңіл зиян келтіру;
  • Ұрып-соғу;
  • Тонау.

Ең жиі жасалатын қылмыс

Жасөспірімдер арасында ең көп таралған құқықбұзушылық – ұрлық. Биыл осы бап бойынша 499 жасөспірім жауапқа тартылды, олардың көбі 16-17 жаста.