Алдағы демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Автор: Асыл Арман

Синоптиктер болжамы белгілі болды

Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтіледі. Тек республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальді бөліністердің өтуімен бірге жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болжанады.

Ел бойынша желдің күшеюі, тұман, шығыста – көктайғақ, ал оңтүстік-батыста және оңтүстікте – шаңды дауыл күтіледі.

«Солтүстік өңірлерде түнде температураның біртіндеп -3°…+5°С-қа дейін, күндіз +5…+15°С-қа дейін жоғарылауы күтіледі. Шығыста түнде -3…-13°С-қа дейін төмендеп, күндіз +3…+11°С жылылықтан -5…+5°С аралығында ауытқулар күтіледі.

Республиканың оңтүстік-шығысында түнгі уақытта 1–3°С үсік сақталады. Қалған аумақтарда температурада аздаған ауытқулар болжанғанымен, айтарлықтай өзгерістер күтілмейді», – делінген ауа райы болжамында.