Президентке отандық AI жобалар таныстырылды
Қазақстанда қандай ЖИ жобалар жүзеге асып жатқаны белгілі болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа отандық жобалар таныстырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметіне сүйенсек, Mirai Tech мекемесі жасаған Deep-tech стартапында биомеханиканың портативті ЖИ зертханасы көрсетілді. Ақылды сенсорлы табандар мен киілетін есептеуіш құралдар спортшылар мен емделушілерді оңалтуды жеделдетеді әрі жарақаттың алдын алуға көмектеседі.
AltBridge жария нарықтағы инвестициялық портфельге мониторинг жасайды және әр бағыт бойынша есеп береді.
Defect AI дәрігерлерге күнделікті қағазбастылықтан арылып, науқасқа көңіл бөлуге жәрдемдеседі.