Тарбағатайда 9 жасар қыз балаға дәрігерлік көмек көрсету үшін Өскеменге тікұшақпен шұғыл жеткізді

Автор: Мөлдір Қазыбай

Құтқарушылар баланы ТЖМ тікұшағымен эвакуациялады

Фото: istockphoto.com

ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» ұшқыштары Тарбағатай ауданына санитарлық ұшып кетті. Ақжар ауылынан Өскеменге ҚР ТЖМ «МИ-8» тікұшағымен 2016 жылы туған науқас жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тәжірибелі ұшқыштар санавиация дәрігерлерімен бірге көмекке мұқтаж қызды медициналық мекемеге жеткізді.

«ҚР ТЖМ санитарлық авиациясы өмірлік маңызды миссиясын орындауды жалғастыруда», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.