Лауреаттар төрт аталым бойынша жеңімпаз атанды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев AI SANA Generative Nation байқауының жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметінше, Digital Bridge 2025 халықаралық форумы аясында AI SANA Generative Nation байқауының жүлдегерлері мен жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Лауреаттар мектеп жобалары, студент бастамалары, стартаптар және ғылыми әзірлемелер деген төрт аталым бойынша жеңімпаз атанды.