Ол жоғалып кеткенге дейін 4-ықшамауданда тұрған
Lider.kz қозғалысының еріктілері 2023 жылы жоғалып кеткен Александр Богатовты іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ер адам 4-ықшамауданда тұрған, 2023 жылдан бері туыстарымен байланысқа шықпаған.
Сипаттамасы: бойы – 170 см, орташа дене бітімді, шашы – ақшыл, қолының білегінде шағала бейнесінде тату бар, көзілдірік тағып жүруі мүмкін. Киімі белгісіз.
«Александр Богатовтың қай жерде жүргенін білетіндер болса, мына телефон нөміріне қоңырау шалып немесе WhatsApp арқылы хабарласуды сұрайды: +7 (700) 499-72-92.
Іздеу жұмысы туыстарының өтініші бойынша жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.