«KAZAKH INVEST» компаниясының басқарма төрағасы ауысты

Автор: Бақыт Шынар

Бұл лауазымға Сұлтанғали Кенжеқұлов тағайындалды

Фото: үкімет

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Сұлтанғали Құрманғалиұлы Кенжеқұлов компанияның басқарма төрағасы лауазымына сайланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Сұлтанғали Кенжеқұлов 1982 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын, сондай-ақ Ресей Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын тәмамдаған. Мамандығы – халықаралық қатынастар.

Еңбек жолын 2003 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінде бастаған. Әр жылдары ҚР Қытай Халық Республикасындағы Елшілікте атташе, үшінші, екінші және бірінші хатшы қызметтерін атқарды. Сондай-ақ ҚР СІМ Азия және Африка департаментінде жұмыс істеген.

2016–2017 жылдары Инвестициялар және даму министрінің инвестиция жөніндегі арнаулы кеңесшісі болды. Кейін «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның Қытайдағы өкілі ретінде қызмет атқарды.

2019–2023 жылдары ҚР СІМ Азия және Африка департаментін басқарды және Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінде сауда-экономикалық және инвестициялық мәселелер бойынша кеңесші болды.

2023 жылдан бері ҚР СІМ Инвестиция комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Сұлтанғали Кенжеқұлов ағылшын және қытай тілдерін меңгерген.

Тегтер: