БҚО-да ағайынды екі жігіт әжейдің жиған-терген ақшасын ұрлап кетті

Автор: Асыл Арман

Күдіктілер көп ұзамай қолға түсті

Фото: istockphoto.com

Оралда қарт кісінің сеніміне кіріп, жинап-терген ақшасын ұрлап кеткендер ұсталды. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, алаяқтықпен айналысқан күдіктілер 68 жастағы зейнеткер әйелдің 830 мың теңгесін жымқырған. Ұсталған екі жігіттің ағайынды екені белгілі болды.

Күдіктілер бірнеше мәрте қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалыпты. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.