Алматы облысында карантин шаралары қайта күшейтіледі

Автор: Azattyq Rýhy

Өңірде коронавирус жұқтырғандар саны 620 адамға жетті

inbusiness.kz

Коронавирустың жаппай таралуына байланысты Алматы облысында да карантин шаралары күшейтіледі, деп хабарлады облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов.

Енгізілген шектеулерден кейін қызмет көрсету түрлерінің басым көпшілігі халыққа онлайн түрде көрсетілетін болады. Атап айтқанда:

  • Жиналыстарды, кеңестерді, конференцияларды, форумдарды, семинарларды, съездерді және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.
  • Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметі 30-дан астам отыратын орын-жайларда және 50-ден астам отыратын жазғы алаңдарда, онлайн-тапсырыстарды ұйымдастыруды және жеткізуді қоспағанда, тоқтатыла тұрады.
  • Сауда, ойын-сауық орталықтарының, діни объектілердің, білім беру орталықтарының, үйірмелердің, артклубтардың, балалардың бос уақыты мен қосымша оқыту орындарының, балалардың түзету кабинеттерінің және меншіктің барлық нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі тоқтатылады.
  • Стационарлық медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілерінде жоспарлы емдеуге жатқызу, сондай-ақ халықты жоспарлы иммундауды, жүкті әйелдерді қабылдау мен скринингті қоспағанда, жоспарлы медициналық қызметтерді қабылдау және көрсету тоқтатылады.
  • МСАК дәрігерлерінің жоспарлы қабылдауы және амбулаториялық-емханалық ұйымдар дәрігерлерінің жоспарлы консультациялары қашықтықтан қызмет көрсету форматына ауыстырылады.
  • ХҚКО, Оpen Талдықорған сервисі, бизнес орталықтарының (сақтандыру компаниялары, есепші және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттігі, жарнама агенттіктері және т.б.) жұмысы онлайн форматқа өтеді.
  • Онлайн-формат көзделмеген қызметтерді көрсету алдын ала жазылу арқылы, электрондық кезекпен, жұмыс кестесімен сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін жүзеге асырылады.