«Жігіттер бөксемді сипалап кетті»: атышулы блогер матчтан кейін келеңсіз жағдайға ұшыраған (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Ол желіде өзі тап болған оқиға туралы видео жариялады

Фото: Instagram/sss.sabina

Атышулы блогер Сабина Мовлаева «Қайрат» пен «Реал» арасында қандай жағдайға ұшырағанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Блогер өз сөзінде матчтан кейін шыға берісте адам көп жиналған тұста жігіттер білдірмей, құрбысы екеуінің бөксесін сипалағанын айтты.

«Ұят та болса айтайын. Футболда барлық нәрсе ұнады. Тек бір нәрсе ұнаған жоқ. Қаншама адам, қаншама ерекектер. Матчтарға ылғи ініммен баратынмын. Бірақ бұл жолы құрбыммен бардым. Содан кейін бір қолдар пайда болды. Ашығын айтатын болсам, біреулер бөксемді сипалап кетіп жатты. Мен барлығы сияқты киініп бардым, тырысып тұрған киімде болған жоқпын, шынымды айтайын.

Артыма қарасам жігіттер. Құрбыма ақырындап айтсам, оған да солай жасаған екен. Біз қазақтар қорғай ма деп шетелдіктерден қорқып жүрсек, олардың ісі анау. Сонда бізді кім қорғайды? Мен барынша жылдам шығып кетуге тырыстым», – дейді Сабина Мовлаева.