Мемлекет басшысы Кипр президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Автор: Асыл Арман

Тоқаев Кипр халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Кипр президенті Никос Христодулидисқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қасым-Жомарт Тоқаев Никос Христодулидисты Кипр Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, оның отандастарына бақ-береке тіледі.

Қазақстан президенті Астана мен Никосия арасындағы ынтымақтастықтың аясы жылдан жылға кеңейіп келе жатқанына тоқталды. Сонымен қатар екі елдің өзара түсіністікке негізделген достық қарым-қатынасы одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.