Қазақстандық жүзушілер барлығы жеті медаль жеңіп алды
Қазақстандық жүзуші Әділбек Мусин Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде алтын медаль иеленіп, 23.74 нәтижесімен мәреге жетті. Шешуші сында тағы бір отандасымыз Максим Сказобцов (23.90) үшінші орынға табан тіреді.
Осы бағдарлама бойынша әйелдер арасында өткен жарыста София Әбубәкірова екінші нәтиже көрсетсе, Софья Сподаренко мәре сызығын үшінші болып кесті.
Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық жүзушілер барлығы жеті медаль жеңіп алды: бір алтын, төрт күміс және екі қола.