Қазақстанның үш қаласында экология нашарлайды: мамандар ескерту жасады

Автор: Асыл Арман

Әсіресе өнеркәсіптік аймақтарда күрт нашарлайды

Фото: istockphoto.com

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін, 1 қазанда, еліміздің үш қаласында атмосферада ластаушы заттардың шамадан тыс шоғырлануы күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл құбылыс зиянды қоспалардың жерге жақын ауа қабатында жиналып, таралмауына ықпал ететін ауа райы факторларының үйлесуіне байланысты.

«2025 жылдың 1 қазанында қолайсыз метеожағдайлар Жезқазған, Ақтөбе қалаларында, түнде Астана қаласында күтіледі», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) – бұл мынадай ауа райы құбылыстары:

  • Тымық ауа,
  • әлсіз жел,
  • тұман,
  • температуралық инверсия.

Аталған құбылыстар зиянды заттардың таралуына кедергі келтіріп, олардың жиналуына себеп болады. Соның салдарынан ауа сапасы уақытша нашарлайды, әсіресе тығыз құрылыс салынған немесе өнеркәсіптік аймақтарда бұл құбылыс айқын байқалады.