ТЖМ құтқарушылары өрттің таралуына жол бермеді
Қызылорда облысында жүздеген шаршы метр аумақ алапат отқа оранды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға Қызылорда облысының Сырдария ауданына қарасты Амангелді ауылында болды. Алапат өрт жер үйдің жанында тұрған қорадан шыққан.
«Өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері оттың көрші мал қораларға таралуына жол бермей, 900 ш.м. алаңдағы өртті қысқа мерзімде сөндірді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.