«Реал» «Қайратты» 5:0 есебімен жеңді
«Реалдың» басты жұлдызы Килиан Мбаппе «Қайратқа» қарсы ойыннан алған әсерін жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Франциялық шабуылшы QazSport арнасына берген пікірінде матч жайлы өз ойын білдірді.
«Қайратты» жеңген біз сондай бақыттымыз. Оңай ойын болған жоқ. Біз шынайы, ойнадық және Мадридке жеңіспен қайтып бара жатқанымызға қуаныштымыз», - деді Килиан Мбаппе.
Айта кетейік, «Қайрат» өз алаңында «Реалды» қабылдап, 0:5 есебімен жеңіліп қалды. Матчта Мбаппе хет-трик авторы атанды. Ал Эдуарду Камавинга мен Браим Диас бір-бір голдан соқты.
Еске салайық, «Реал» Чемпиондар лигасының алғашқы турында «Марсельді» 2:1 есебімен жеңсе, «Қайрат» сырт алаңда «Спортингтен» 1:4 есебімен ұтылған.