«You can sit here»: автобуста қазақ жігітке ағылшынша сөйлеген зейнеткер жұртты күлдірді (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Автобустағы оқиға TikTok-та жұртты әбден күлдірді

Фото: Видеодан скрин

Автобуста қазақ жігітке ағылшын тілінде сөйлеген зейнеткер айналасындағы жұртты күлкіге қарқ етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қария автобуста кескін-келбетін шетелдікке ұқсатқан жас жігітке ағылшын тілінде тіл қатады

«You can sit here (ред. – мына орынға отырыңыз)», - деп қарт кісі бос орындарды нұсқайды.

Алайда зейнеткер шетелдік деп ойлаған жас жігіт қазақ ұлтынан болып шықты.

«Қазақша сөйлей беріңіз, қазақпын. Жаркенттенмін», - деп күлді автобустағы жас жігіт.

Ары қарай зейнеткер мен жас жолаушы өзара жөн сұрасып, пікір алмасады.

Оқиғаның нақты қай қалада болғаны әзірге белгісіз. Алайда желіде тараған видеоның астына жұрт түрлі пікір қалдырды.

«Атамыз мықты, ағылшынша жарады екен», «Мен қарт кісінің ағылшын тілін білетініне, ал жігіттің қазақ болып шыққанына таң қалдым», «Қайдан білсін, футболға келген бір шетелдік деп тұр ғой», - деп жазды желі қолданушылары.