Орталық стадионда өткен матч аяқталды
«Қайрат» Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңында «Реалдан» 0:5 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қайраттың» алғашқы минуттан-ақ тәжірибесінің аздығы байқалды. Десе де азуын айға білеген командаға лайықты қарсылас бола білді деп айтуға тұрарлықтай.
Алғашқы 45 минутта Шерхан Қалмұрза күзеткен қақпаға тек пенальти арқылы ғана гол соға білді. 25-минутта Килиан Мбаппе мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ.
Ал екінші таймда «Реал» класының жоғары екенін дәлелдеді. Аптықпай-ақ «Қайраттың» қақпасына жауапсыз тағы төрт гол соқты. Килиан Мбаппе 52 және 74-минуттарда тағы екі доп соғып, хет-трик авторы атанды. Ал 83-минутта Эдуарду Камавинга есепті 4:0-ге жеткізсе, матчтың соңғы секундтарында Браим Диас матчтың нүктесін қойды.
Айта кетейік, «Реал» Чемпиондар лигасының алғашқы турында «Марсельді» 2:1 есебімен жеңсе, «Қайрат» сырт алаңда «Спортингтен» 1:4 есебімен ұтылған.