Бұл мереке 2012 жылы белгіленген болатын
Бүгін Қазақстанда Әділет органдарының қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Орталық коммуникациялар қызметі хабарлағандай, 30 қыркүйек – Әділет органдары қызметкерлері күні.
Бұл қызмет заңдылықты қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті сақтау және азаматтардың мүдделерін қорғау ісімен байланысты. Сала мамандары Қазақстанды құқықтық мемлекет ретінде нығайтуға айтарлықтай үлес қосып келеді.
Айта кетейік, кәсіби мереке 2012 жылы белгіленген болатын.