Энергетика министрлігі мұнай мен газды ұтымсыз пайдаланғандардан 14 млрд теңге өндіріп алды

Автор: Бақыт Шынар

Министрлік бірнеше тексеру өткізген

Фото: istockphoto.com

ҚР Энергетика министрлігі және оның Атырау мен Қызылорда облыстарындағы мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекцияның өңіраралық басқармалары жүйелі жұмыстың арқасында мұнай мен газды ұтымсыз пайдаланғандардан 14 млрд теңге өндіріп алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy министрліктің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Дереккөзге сүйенсек, 2025 жылдың 9 айында көмірсутек саласындағы мемлекеттік бақылау аясында 100 тексеру өткен екен. Оның ішінде 18 профилактикалық бақылау, 30 жоспардан тыс тексеру, 15 шарттық міндеттемелерді орындау бойынша бақылау және 37 мемлекеттік қызмет көрсету аясындағы рұқсаттық тексеру бар.

Осы жұмыстардың арқасында 110 млн теңге айыппұл салынған. Сонымен қатар, министрлік мұнай мен газды ұтымсыз пайдаландардан 14 млрд теңгеден астам залал өндіріп алған.