Полицейлер оқиға орнына жарты сағаттан кейін ғана барған
Атырауда ер адам түнгі уақытта 8 жасар қыз баланы ұрлап кетпек болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға кешкі уақытта «Нұрсая Болашақ» шағын ауданында болды. Бейтаныс ер адам баланы алып кетуге тырысқан. Алайда өтіп бара жатқан тұрғындар араласып, полиция шақырған. Күдікті оқиға орнынан қашып үлгерді.
«1987 жылғы күдікті ұсталды. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.
Куәгерлердің айтуынша, олар полицияны шамамен 30 минут күткен. Құқық қорғаушылар келмеген соң, олар қыздың анасымен бірге өздері құқық қорғау органдарына жүгінген.