Қытай ғалымы коронавирустың таралуы қашан тоқтайтынын болжады

Автор: Azattyq Rýhy

Ол қатаң карантин режимін әрбір мемлекет сақтауы тиіс деп есептейді

Қытай инженерлік ғылым академиясының академигі, елдегі ең танымал эпидемиолог Чжун Наньшань коронавирус эпидемиясының қашан тоқтайтынын болжады, деп жазады РИА Новости.

Вирусологтың пікірінше, COVID-19 биыл қыста немесе келер жылдың көктемінде жойылып кетпейді, керісінше, таралу қарқыны өсуі де мүмкін.

«Қыс пен көктемде эпидемия жалғасады, биыл жыл соңында таралу қарқыны өседі деп ойлаймын. Бірақ екінші толқын қазіргі бірінші толқын секілді ауыр өтпейді», - деді Чжунь Наньшань.

Оның айтуынша, қатаң карантин режимін әрі қарай жалғастырып, вирустың таралуына барынша жол бермеу керек. Атап айтқанда, елдер арасындағы әуе тасымалына шектеу қойып, мектеп оқушыларының сабағын қашықтан жалғастыруға тиіспіз. Сонда ғана эпидемияны тоқтату мүмкін болады.