Астанаға Италияның президенті келді (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Мемлекеттер басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды

Фото: Ақорда

Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Италия президенті Серджо Маттарелланы салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мемлекеттер басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды.