Қазақстанның қай өңірлеріндегі тасжолдарда көктайғақ болады

Автор: Асыл Арман

29 қыркүйекте еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы нашарлайды

Фото: istockphoto.com

Қазақстанның қай өңірлеріндегі тасжолдарда көктайғақ болуы мүмкін екені айтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, 29 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі.

Қай өңірлерде жауын-шашын мен көктайғақ болады

Синоптиктер мына облыстарда жаңбыр мен қар жауатынын ескертті:

  • Ақмола,
  • Ақтөбе,
  • Шығыс Қазақстан,
  • Қарағанды,
  • Қостанай,
  • Абай,
  • Жетісу.

Жолдарда көктайғақ болып, көлік қозғалысын айтарлықтай қиындатуы мүмкін.

Жүргізушілерге ескерту

Қауіпсіздік үшін автокөлік жүргізушілеріне мына кеңестер берілді:

  • жылдамдықты қатаң сақтау,
  • қашықтықты ұстау,
  • күрт маневр мен тежегіштен бас тарту,
  • жолдың тайғақ екенін және көрінудің шектеулі болатынын ескеру.

Ақпаратты қалай білуге болады

Қажет болған жағдайда жүргізушілер республикалық автожолдардың жағдайы туралы тәулік бойы 1403 бірыңғай колл-орталығына хабарласып, жедел ақпарат ала алады.