Жаслан Мәдиев Үкімет басшысының орынбасары әрі ЖИ министрі болды

Автор: Асыл Арман

Ақорда ресми хабарлама таратты

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Жаслан Мәдиев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысының жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды.

Жаслан Мәдиев 1983 жылдың 13 маусымында Алматы қаласында туған.

Білім:

  • 2015-2016 – Массачусетс технологиялық институты (MIT), Слоан бизнес мектебі, бизнесті басқару магистрі (MBA)
  • 2006-2007 – Колумбия университеті, Халықаралық қатынастар және мемлекеттік басқару мектебі, мемлекеттік басқару магистрі (MPA), экономикалық саясатты басқару («Болашақ»)
  • 2000-2004 – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, әлемдік экономика және халықаралық қаржы саласындағы маман

Еңбек жолын 2007 жылы Лондон қаласындағы «Morgan Stanley» Инвестициялық Банкінің бағалы қағаздар және облигациялар саудасы департаментінің жетекші трейдері болып бастады.

Әр жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының сарапшысы, «Самұрық - Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қазынашылық департаментінің директоры, «Kazyna Capital Management» АҚ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, ҚР Ұлттық Банкі директорының Монетарлық операциялар және активтерді басқару жөніндегі орынбасары және ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметтерін атқарды. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық Банкі мен «Қазақстан темір жолы» АҚ құрылымында басшылық қызметтер атқарды.

  • 2020 жылғы қазаннан 2022 жылғы қаңтарға дейін Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымында жұмыс істеді.
  • 2022 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі қызметін атқарды.
  • 2022 жылғы қазаннан 2024 жылғы мамырға дейін Binance Kazakhstan компаниясының Бас менеджері қызметін атқарды.
  • 2024 жылғы мамырдан бастап Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметін атқарады.