Тәуелсіздік жылдары 1,1 миллионнан астам қандас оралды
Қазақстанға 2025 жылдың басынан бері 9 586 этникалық қазақ оралып, қандас мәртебесін иеленді. Жалпы 1991 жылдан бастап республикаға 1 млн 157,6 мың этникалық қазақ қоныс аударған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Биыл келген қандастардың үлесі мынадай:
2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша этникалық қоныс аударушылардың:
Еңбекке қабілетті жастағылардың ішінде:
Этникалық қазақтар елдің түрлі өңірлеріне орналастырылды. Еңбек күші тапшы аймақтар ретінде мына облыстар белгіленген: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан.
2025 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы – 2 309 адам. Оның ішінде 1 қыркүйекке дейін 1 467 қандас қоныстанды.
Қоныстанған қандастарға мынадай әлеуметтік қолдау ұсынылады:
Жыл басынан бері 594 қандасқа қолдау көрсетілді, оның ішінде 237 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Ерікті қоныс аударуды күшейту мақсатында жұмыс берушілерді қолдау тетіктері енгізілді.
Сонымен қатар, экономикалық ұтқырлық сертификаты қарастырылған. Ол тұрғын үй сатып алу немесе салу, сондай-ақ ипотекалық қарыз бойынша бастапқы жарнаны жабу үшін беріледі.
Бұл сертификат отбасыға үй құнының 50%-ына дейін немесе 4,56 млн теңгеге дейінгі мөлшерде қайтарымсыз төленеді.