Challenge Cup Сомбатхей қаласында өтті
Қазақстанның спорттық гимнастикадан құрама командасының көшбасшыларының бірі Милад Карими Сомбатхей қаласында (Венгрия) өткен Challenge Cup кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ҰОК сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшы кермедегі жаттығуларда тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.
Карими финалда 14.750 ұпай жинап, бірінші орынды иеленді. Оның ізінше колумбиялық Анхель Барахас 14.650 ұпаймен екінші болды. Үшінші орынға чилилік Луциано Летелье 14.250 ұпаймен табан тіреді.
Айта кетейік, бұған дейін Дмитрий Патанин еркін жаттығуларда жеңімпаз атанған болатын.