Былтыр 60 мың Сиверс жабайы алмасының тұқымы жиналды
Алматы облысының Талғар ауданында 2,1 мың апорт алмасының көшеті өсірілді. деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министр Айдарбек Сапаров Талғардағы Қазақ жеміс-жидек және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының аймақтық филиалында болып, «Апорт» алмасын қайта жаңғырту жобасының іске асырылу барысын талқылады.
Кездесуде 2025–2028 жылдарға арналған «Апорт алмасын қайта жаңғырту жол картасының» орындалу барысы қаралып, проблемалар мен оларды шешу жолдары талқыланды.
Апорт – Алматы өңірінің бренді әрі Қазақстанның мәдени мұрасы саналады. ХХ ғасырда оның даңқы әлемге жайылып, ерекше дәмі мен ірілігімен танымал болды. Алайда соңғы онжылдықтарда апорт алмасының өнімділігі төмендеп, арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылданды.
Президенттің 2024 жылғы тапсырмасынан кейін апортты қалпына келтіру жұмыстары қарқынды түрде қолға алынды. Биылғы жетістіктер осы жобаның нақты нәтижелерін көрсетіп отыр.