Олар аман-есен босатылды
Орал қаласында көпқабатты үйдің тұрғындары лифт ішінде тұрып қалды. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында бес ересек пен бір сәби аман-есен босатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдай 27 қыркүйекке қараған түні болды. 112 қызметіне хабарласқан тұрғындардың айтуынша, лифт кенеттен 6 мен 7-қабаттың арасында тоқтап қалған. Кабина ішінде бес ересек және 2025 жылы туған бір сәби болған.
«Құтқарушылар арнайы лифтік кілттің көмегімен есікті ашып, тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарды. Операция бірнеше минуттың ішінде сәтті аяқталды», – деп хабарлады ТЖМ.
Мамандардың дерегінше, ешкім медициналық көмекке жүгінбеген, тұрғындардың жағдайы қанағаттанарлық. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Мамандар тұрғындарға лифтіні қолданғанда қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді: