Елена Рыбакина Бейжің турнирінен шығып қалды

Автор: Дәулет Ботагөз

WTA-1000 турнирінің үшінші айналымында ол неміс теннисшісіне есе жіберді

Фото: sports.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Бейжіңде өтіп жатқан ірі WTA-1000 турнирінде сенсациялық түрде жарысты ерте аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Үшінші айналымда Рыбакина әлемдік рейтингте 66-орында тұрған неміс спортшысы Ева Лискеқарсы шығып, үш сет қорытындысы бойынша ұтылды:

  • 3:6,
  •  6:1,
  • 4:6.

Бұл жеңіліс қазақстандық теннисшінің турнирдегі жорығын тоқтатты. Ал Ева Лис 1/8 финалға жолдама алды.

Бұған дейінгі кездесулер

Елена Рыбакина жарыстың екінші айналымында америкалық Кэти Макнэллиді жеңген болатын. Ол кездесуде есеп – 7:5, 4:6, 6:3 болып тіркелген.

Биылғы Бейжіңдегі WTA-1000 турнирінің жалпы жүлде қоры 9 млн долларға жуық. Жеңімпаз теннисші 1 млн доллардан астам қаржы және 1000 рейтингтік ұпай иеленеді.