Қар жаууы мүмкін: жексенбі күні Қазақстанда ауа райы қандай болады

Автор: Мөлдір Қазыбай

Синоптиктер болжамы белгілі болды

Фото: istockphoto.com

 

«Қазгидромет» РМК 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның солтүстік өңірлерінде күн бұлтты болады. Петропавл мен Қостанайда – жауын-шашынсыз, ауа температурасы түнде +1…+4°С, күндіз +5…+13°С шамасында. Көкшетауда түнде және таңертең жаңбыр қарға ұласуы мүмкін, күндіз +7…+9°С. Павлодарда жаңбыр күтіледі, сынап бағаны +9…+11°С-қа жетеді. Астанада түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз жел күшейеді, ауа +10…+12°С болады.

Орталықта – Қарағанды мен Жезқазғанда ауа райы құбылмалы. Қарағандыда таңертең және күндіз жаңбыр жауады, күндіз +15…+17°С. Жезқазғанда жауын-шашынсыз, +17…+19°С.

Шығыс өңірлерінде, яғни Өскемен мен Семейде жаңбырсыз ашық күн болады, температура күндіз +22…+27°С-қа дейін көтеріледі.

Батыста бұлтты ауа райы сақталады. Оралда күндіз аздаған жаңбыр жаууы мүмкін, түнде +3…+5°С, күндіз +13…+15°С. Атырауда жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түседі, күндіз +16…+18°С. Ақтөбе мен Ақтауда да күн ашық, ауа температурасы түнде 0…+10°С аралығында, күндіз +13…+18°С.

Оңтүстік өңірлерде жылы әрі жауын-шашынсыз күн күтіледі. Таразда +28…+30°С, Шымкент пен Түркістанда+29…+31°С, Қызылордада +24…+26°С.

Ал Қонаев, Талдықорған және Алматы қалаларында да күн ашық, ауа температурасы күндіз +25…+29°С, түнде +5…+16°С аралығында болады.