Сот шешім қабылдау кезінде ипотека арқылы алынған пәтер талап қоюшының толық меншігіне өтпегенін ескерді
Ақмола гарнизонының әскери соты Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) қызметкерінің Тұрғын үй комиссиясына қарсы шағымын қанағаттандырып, тұрғын үй төлемін тоқтатуды заңсыз деп тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс материалдарына сәйкес, Р. әскери қызметтен босатылғаннан кейін тұрғын үймен қамтамасыз етілмеген кезең үшін біржолғы тұрғын үй төлемдерін алған.
Кейіннен ол ҚР ҰҚК Әскери полиция департаментіне қайтадан қызметке шақырылып, тұрғын үй комиссиясының шешімімен тұрғын үйге мұқтаж деп танылып, оған тұрғын үй төлемдері тағайындалған.
«2024 жылы ипотекалық қарыз шарты бойынша пәтер сатып алуына байланысты тұрғын үй комиссиясы төлемдерді тоқтату туралы шешім қабылдаған», - деп жазылған хабарламада.
Сот ипотека арқылы алынған пәтер талап қоюшының толық меншігіне өтпегенін, Қазақстан аумағында өзге тұрғын үйі жоқ екенін және Астана қаласында тұрғын үймен қамтамасыз етілмегенін ескере отырып, тұрғын үй комиссиясының шешімін заңсыз деп танып, күшін жоюға қаулы етті.
Сот шешімімен: