Астанаға жыл басынан бері 750 мыңнан астам турист келді – әкімдік

Автор: Асыл Арман

Елордада медициналық туризм де белсенді дамып келеді

Фото: Астана әкімдігі

Астанаға 2025 жылдың алғашқы алты айында шамамен 750 мың турист келген. Астана әкімдігінің мәліметінше, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға көп, деп хабарлады Azattyq Rýhy.

Оның ішінде 180 мың – шетелдік қонақ, олардың басым бөлігі Ресей, Қытай, Түркия, АҚШ және Германиядан келген.

Бүгінде қалада 100-ден астам туристік нысан жұмыс істейді. Олардың қатарында мұражайлар, театрлар, галереялар, діни және спорттық ғимараттар бар. Қонақтарға арналған заманауи навигациялық жүйе, инфокиоск, экскурсиялық қызметтер және цифрлық шешімдер қолжетімді.

Медициналық туризм

Медициналық туризм де белсенді дамып келеді: 2024 жылы елордалық клиникаларда шетелден келген 4,5 мың науқас сапалы көмек алды. Ең сұранысты бағыттар – онкология, кардиохирургия, репродуктивті медицина және check-up бағдарламалары.

Ірі концерттер мен мәдени шаралар

Астанадағы Jennifer Lopez концертіне 30 мыңнан астам көрермен жиналды, оның ішінде 10 мыңы – шетелдік турис.

21 қыркүйекте өткен Backstreet Boys концертіне 45 елден 12 мыңнан астам турист қатысты.

Mastercard деректері бойынша, қаладағы туристің тәуліктік орташа шығыны 118 мың теңгеге жетеді.

Гольф-туризм – жаңа бағыт

Астана алғаш рет гольф-туризмді ұсына бастады. Қазан айында Үндістанның жетекші туроператорлары үшін инфотур өткізіліп, арнайы туристік пакеттер дайындалады.