Михаил Ломтадзе «Халық алғысы» медалімен марапатталды

Ол – Kaspi.kz басқарма төрағасы

Михаил Ломтадзе «Халық алғысы» медалімен марапатталды

Республикалық «Biz Birgemiz» онлайн-форумының барысында COVID-19-бен күресте ерекше белсенділік танытқандардың еңбектері аталып өтті, олардың арасында дәрігерлер, полиция қызметкерлері, волонтерлар мен журналистер бар. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев атап өткендей, төтенше жағдай режимі кезінде барша қазақстандықтардың көмегі айтарлықтай маңызды болды.

«Үнемі қолдау мен көмек беруге дайын тұратын алматылықтар алғашқы күннен-ақ қоғамдық жұмыстарға белсене кірісіп кетті. Олардың әрқайсысының және мыңдаған қала тұрғындарының ортақ іске қосқан үлестеріне баға жетпейді», — деп жазды қала әкімі.

Індетке қарсы күресте ерекше көзше түскендер «Халық алғысы» медалімен және Елбасының Алғыс хаттарымен марапатталды. Олардың арасында Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Жақсылық Үшкемпіров, Бостандық ауданының ӨҚ МПС бөлімінің бастығы Жандос Тасманов, дәрігер-инфекционист Тамара Утаганова, меценат Михаил Ломтадзе, Өз бетімен өмір сүру үйінің меңгерушісі Өміржан Әбілқасымов, «Қазақстанның медициналық жастары» РҚБ жетекшісі Жәнібек Солтанай, ҚБТУ жанындағы Қазақстан теңіз академиясының студенті Диана Тоқтарқызы, «Алматы ақшамы» газетінің тілшісі Әсел Дағжан бар.

Сондай-ақ, «Қазақстан Еріктілер лигасы» ҚҚ-ның Алматы қаласы бойынша жетекшісі Бағдат Анарбаева, Jas Otan МК Алматы қалалық филиалының белсенділері Бибінұр Шербаева, Медет Бекбергенов, Жандос Тәліпов, Әсем Таймұратова, кәсіпкер Бахит Гасанов атап өтілді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.